A place where you need to follow for what happening in world cup

Шу ауданының әкімі Ж.Айтақовтың Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

156

Құрметті Отан қорғаушылар !
Қай кезде де орны бөлек күн болып саналатын 7-мамыр мерекесі ер азаматтарымыздың рух-жігерін оятатын мейрамдардың бірі.
Сарбаз болып шеп түзеп сапқа тұрар отандастарымыздың қайсарлығы қашанда бірінше кезекте болған. Олардың күш-жігерін, ақыл-парасатын барлық әлем мойындаған. Халқымыз үшін де ер азаматтың отбасындағы атқарар рөлі, маңызы ерекше.
Мамырдың мамыражай шуағына ілесіп келген атаулы күннің асқақтығы көңілге қуаныш ұялатады.
Батылдық пен қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншіліктің дәлелі бүгінгі айрықша мейрамда ырыстарыңыз тасып, беделге иеленіп жүре беріңіздер.
Отан алдындағы борышын өтеуге атсалысатын, намысы мұқалмас жігіттеріміз көп болсын.
Мерекелеріңіз құтты болсын ! Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға құт қонсын. Ел мерейін асырып, құрмет пен азаматтықтың жарқын үлгісі болыңыздар.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.