A place where you need to follow for what happening in world cup

Шу ауданының әкімі Ж.Айтақовтың Ұлы Жеңіске 75 жыл толуы мерекесіне орай құттықтауы

173

Ардақты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді бүкіл адамзат қауымына аса қымбат мереке 9 мамыр –Ұлы Жеңіс
күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, жанған
от пен жауған оттың ортасына түсіп, кең-байтақ жерді қорғадыңыздар. Ерліктің
ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған өлшеусіз ерліктеріңіз мәңгі
ұмытылмайды. Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің
қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі.
Отан соғысының оқ бораған даласында ерлігі мен батырлығын көрсеткен
Шу елінің 11 мыңға жуық азаматы Жеңіс шыңына жету жолында аянбай үлес қосты.
Сол бір ел басына күн туған жылдары Отан үшін отқа түсіп, кеуделерін оққа тосқан жерлестеріміздің есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды.Атап айтқанда, жерлестеріміз Саттар Естемесов пен Сәду Шәкіров Кеңес Одағының батыры атанса, Михаил Перепелов жауынгерлік «Даңқ» орденінің толық иегері бола білді. Біз бүгін аттары аңызға айналып, халқының сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген басқа да жерлес батырларымыздың есімдерін мақтанышпен еске аламыз. Біз оларды әрдайымардақтап, мақтан тұтамыз.
Тарихы тамырлас, тағдыры бауырлас көпұлтты еліміздегі тыныштық пен түсіністіктің түбірі де осы бір атаулы күннен бастау алса керек. Олай болса, бұл күн барша отандастарымыз үшін аса қастерлі мерекеге айналған салтанатты күн. «Отан үшін күрес, елге тиген үлес»-дейді дана халқымыз. Отанға деген махаббат, жеңіске деген құштарлық пен қуатты рух, достық пен ынтымақ – Ұлы Жеңістің негізі болды.
Қадірлі қауым!
Бүгінгі өскелең ұрпақты береке-бірлікке,
тату тірлікке тәрбиелеп жүрген ардагерлерге айтар алғысымыз көп. Олар жасаған ерлік ескірмейді, ұрпақтар сабақтастығымен жаңғыра береді. Ел Тәуелсіздігінің 29
жылдығындағы Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.