A place where you need to follow for what happening in world cup

Сәләфи ағымының таралуына көптеген ықпал ететін факторлар

189

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары Қазақстанға түрлі діни ағымдардың көптеп келгені ақиқат. Дін атын жамылған олардың іс-әрекеті мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылданды.

– Сәләфи немесе уаһаби деп аталып жүрген ағымның шығу тарихы туралы осы уақытқа дейін талай айтылды ғой. Қысқаша айтқанда, Сауд Арабия Королдігінің мемлекет болып қалыптасуына идеологиялық негіз болған Мұхаммед Абдул-Уаһһабтың діни ұстанымынан бастау алады. Олар діни мәселелерде көп жағдайда Ибн Тәймияның көзқарастарын қолдайды әрі дәріптейді.

– Бұл ағымды ұстанатын адамдардың өзге мұсылмандардан ерекшеліктері

Егер сыртқы формасындағы айырмашылық туралы айтсақ, олардың еркектері қысқа балақ шалбар, жаздың күндері көбінесе тізеден түсетін шорти киеді. Әйелдері қара түсті киім киеді. Бірақ мұндай киім киетіндердің барлығын «уаһаби» деп ойлап қалуға да болмайды.

Ал, діни ұстанымдарындағы айырмашылықтарына келсек, олар белгілі бір ғалымдардың көзқарастарын ғана Құран мен сүннетке сай пікір деп қабылдайды. Солардың сөздерін ғана нағыз пәтуа деп ойлайды.

– Осы ағымды ұстанушылар өзгелерге «Мәзхабпен жүргенше, сүннетпен жүр» дегенді жиі айтады

– Олар «Құран мен сүннет және ол екеуін сәләф салихтардың түсінігімен түсінуміз керек», «Діни мәселеде Құран мен сүннетті басшылыққа аламыз» деген сияқты жүрегінде иманы бар әрбір адамға әсер ететін ұрандарды басшылыққа алады. Дінге жаңадан келген діни мәселелерді толық түсінбейтін жастар үшін пәлен ғалым «үй» деді, түген ғалым «бүй» деді деген сөздерге қарағанда «Алла тағала былай деді», «Пайғамбар айтты» деген сияқты сөздер тартымды және құлақтарына жағымды естіледі. Олардың «Біз сүннетпен жүреміз» деген сөзінің өзі талай жасты ертіп алатындығы анық.

Ханафи мазһабы Ислам әлемінің ең танымал төрт мазһабының бірі, пәтуа шығарғанда, діни мәселелерді шешуде сәләф салихтардың діни ұстанымдарын басшылыққа алатын әһлу әс-сунна уа әл-жамағадан. Яғни, ханафи мазһабы қалған үш мазһаб сияқты нағыз сәләфтардың жолын жалғаушы, ізін басушы үлкен діни әрі ғылыми мектеп. Сондықтан, үгіт-насихат жүргізгенде «ханафи мазһабында» дегеннен қарағанда ханафи мазһабы негізінде берілген пәтуаны «сүннет бойынша» деп айтудың ешқандай да діни де, ғылыми да қателігі жоқ. Осы тәсілді қолдану біраз жастың ханафи мазһабына деген көзқарасын өзгертуі мүмкін. Өйткені, ол жастар ханафи мазһабын немесе жалпы мазһабтарды теріске шығаруды емес, сүннетке сай өмір сүруді, құлшылықтарын өтеуді қалайды. Алайда, олар сол мазһаб ұстанудың сүннетпен жүру екендігін түсінбейді. Себебі бұл бағытта жүргізіліп жатқан уағыздар, лекциялар аз. Біздің ойымызша, осы бағытта жұмыстар жүргізілу қажет.

Сәләфи ағымы үгіт-насихатының басты әдісі – қысқалық және нақтылық. Яғни олар діни мәселелерді түсіндіргенде нақтылықты және қысқалықты басшылыққа алады. Мысалы, «бұл мәселе былай, себебі хадисте былай айтылған» деген сияқты қысқалық әрі нақтылық бар. Өз деректері мен дәлелдерін келтіргенде өздеріне қарсы дәлел болатын пікірлерді, олардың дәлелдерін талдап жатпайды. Мәселенің өз ұстанымдары бойынша жауабын береді.

Ал төрт мазһабта мәселені кеңінен талдап қарастыру әдісі көп жағдайда басшылыққа алынады. Басқа көзқарастағы ғалымдардың пікірін талдаумен, олардың пікірлерін түсіндірумен, мәселеге көп тоқталумен шұғылданып кетеді. Және сәләфи ағымындағылар сияқты әрдайым өз ұстанымдарын мәселенің жауабы ретінде көрсетпей жатады. Яғни басқа мазһаб өкілдерінің пікірлерін де ескеріп отырады. Бүгінгі күні адамдар, әсіресе жастар, уақыт үнемдеуге тырысады. Сол үшін олар бір мәселенің кеңінен түсіндірілгенінен, қысқа тоқетері айтылғанды ұнатады.

Сәләфи ағымын ұстанушылар өз пікірлерінің дәлелдеріне өзгелерге қарағанда көбірек көңіл аударады. Олар өз сөздерін Құранмен, хадиспен қуаттап тұрғанда естуші жастар осы ақиқат екен деген ойға қалады. Ал мазһаб ұстанушылар көп жағдайда, дәлелдері бар болса да, дәлел іздеуді, сөздерін Құран мен сүннеттеп күшейтуге аса мән бермейді. Тек соңғы жылдары ғана бұл олқылық ақырындап қолға алына бастады.

– Сәләфи ағымы өз идеологияларын таратуда қандай әдіс-тәсілдерге жүгінеді?

– Әрине, олар интернет жетістіктерінпайдаланудаалдакеледі. Мысалүшінбірмәселені, әсіресе, араб тілді интернет ресурстардасәләфиағымыныңмәліметтерііздеубарысындабіріншіболыпшығады. Соңғыекі-үшжылғадейінбұлқазақжәнеорыстілдідінисайттарда да байқалатын. Әлеуметтікжелілерде де сәләфиағымынқолдайтындаржиікөзгетүседі. Біздіңойымызша, ҚМДБ ұстанымынелгетүсіндіруүшін, әртүрліқыңырпікірлерденқорғапотыруүшінарнайыадамдартобыдінисайттардасілтеме (комментари) жасауменайналысукерек.

Сәләфи ағымының Қазақстанда кең жайылуына біз айтқандардан да басқа себептері бар. Кейбір қатты кеткен ағым өкілдері артынан ергендерге басқа діни мамандардың уағыз-насихатын естуге, тіпті олармен араласуға да тыйым салады. Бұл жақсылыққа жетелейтін құбылыс емес.

         – Жалпы, аталмыш ағым өкілдері Қазақстанға қай кезден бастап келе бастады? Олардыңидеясынелгееңалғашалыпкелгенкімдер?

– Аталмыш ағым Қазақстанға басқа діни ағымдар сияқты ел тәуелсіздігін алғаннан кейін келе бастады. Алғашқыда әртүрлі қайырымдылық қорлар және Қазақстанда оқитын араб студенттер арқылы кірді деуге болады. Кейіннен араб елдерінде тәлім алған өз отандастарымыз арқылы дамыды.

Елге келетін қауіп түсінікті ғой. Ол – мұсылмандарарасындажіктудыру. Алтаудыалақылып, ауыздағыныкетіру. Ауызбіршіліктенайырылып, жауғажем болу. Кезкелгенелдіжаулауүшін «бөліп ал да билейбер» саясатыныңтүпкімақсаты.

Бұл ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, жалпы ханафи мазһабын ұстанушылардың ұстанымдарымен салыстырып өтейін. Біріншіден, мемлекеттік қолдау. Сәләфи ағымы – белгілі бір мемлекеттің, яғни Сауд Арабия Корольдігінің ресми жүргізіп отырған діни саясаты, діни ұстанымы, идеологиясы. Мемлекет тарапынан қолдау тапқан ағым өкілдері өз идеалогиясын тарату жолында мемлекеттің мүмкіндіктерін пайдаланатындығы белгілі. Басқа діни ағымдардың көп жағдайда мемлекет тарапынан осы сияқты ашық, ресми демеу көруі өте сирек. Мемлекеттің тікелей қолдауына ие болғандықтан, көптеген жобалар, іс-шаралар қолға алынады, жоспарлар жасалады, ғылыми зерттеулер жүргізіледі, білім беру жүйелі түрде жолға қойылады және осы жобалар мен жоспарларды, зерттеулер мен білім беруді іске асыру үшін қомақты қаражат бөлінеді. Себебі, осы арқылыолмемлекетөзұстанымынқорғайды, насихаттайды.

Араб мемлекеттері мен басқа да мұсылман елдерінде сәләфи ағымын ұстанатын ғалымдар көп. Тәуелсіздіктен бері жиырма жылдың ішінде сол мемлекеттерде тәлім алған қазақстандық жастардың саны еселене түсті. Сәләфи ағымын ұстанатын ұстаздардан тәлім алған қазақстандық жастар елге оралғаннан кейін өздері үйренген діни мәліметтерді таратумен айналысты. Бұл жерде ескерте кететін мәселе ол жастардың көпшілігі өз уағыз-насихаттарын бар ықыласымен, ынта-жігерімен жүргізді. Қай уақытта істі шын ниетімен орындайтын болса, ол істің жеміс беретіндігі айқын.

Ащы болса да шындық, осындай ынта-жігер көптеген мешіт имамдарының бойында табылмай жатады. Мешітке жаңадан келген жастар, діни білімі жоқ не таяз жандар өз ісіне құлықсыз имамдар мен аз да болса діннен хабардар, өз ісіне, діни ұстанымына берік жастарды көргенде жастардың жағына ауып кетіп жатады. Бұл жағдай да сәләфи ағымының кең тарауына өте үлкен ықпал етті. Олар адамдарды өз жағына тартуда имамдардың жоғарыда аталған кемшіліктерін де тиімді пайдалана біледі. Имамдардың кемшіліктерін көрсету арқылы имамның ұстанымын тыңдаушының алдында төмендетеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл жайттан хабардар деген ойдамыз. Негізі осы олқылықты түзету үшін тиісті орынға лайықты кадрларды тағайындау аса маңызды.

Р.Маратұлы,

«Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің теолог маманы 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.