A place where you need to follow for what happening in world cup

Оқушылар қашықтан оқуға үйреніп келеді

181

Әлем халқын әбігерге салған коронавирус дертіне байланысты көптеген мемлекетте карантин енгізілді.  Елімізде де төтенше жағдай жарияланып, қатаң шектеулер қойылды. Соның салдарынан оқушылар, студенттер, тіпті кейбір жұмыс істейтін азаматтар үйлерінде отыр. Енді бірі қашықтықтан жұмыс істеуде.

Мәселен, оқушылар үшін карантин болғанымен, оқу үдерісі тоқтатылған жоқ. Олар арнайы құрылған онлайн сабақтар бойынша өздерінің оқуларын жалғастыруда. Алтыншы сәуірден бастап оқушылар еліміздің «Балапан» және «Ел арна» телеарналарының көмегімен білім алуға кіріскен. Телеарнадағы сабақ біткеннен кейін оларға ұстаздары WatsApp әлеуметтік желісі бойынша әр пәннен тапсырмалар береді.

Қазіргі таңда Қаракемер ауылдық округіне қарасты Төле би атындағы және №2 орта мектептердің оқушылары қашықтықтан оқуға үйреніп келеді. Оған жуырда ауыл әкімі Ж.Әуелбаев, учаскелік полиция инспекторы Т.Сексенбаев, №2 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Тастановамен үйлерінде білім алып жатқан балалардың жағдайын білуге барғанымызда көз жеткіздік. Ауыл әкімі бастаған топ бірнеше үйге бас сұғып, балалармен тілдесті. Әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттағы балаларға азық-түлік пен мектепке қажетті құралдар табыс етті.

Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ,

Жамбыл ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.