A place where you need to follow for what happening in world cup

Нұр-Сұлтанда қатты нөсер жауынның салдарынан университет пен қонақ үй ғимаратын су басты

38

Желіде Нұр-Сұлтанда «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағында орналасқан қос ғимарат толассыз жауыннан кейін су астында қалған видеосы жарияланды. Олар Hilton Astana ультразаманауи қонақ үйі мен Astana IT University оқу орнының ғимараты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушыларының сөзінше, Hilton Astana ультразаманауи қонақ үйін су басуға байланысты адамдар эвакеуацияланған. Ал Astana IT University төбесі су кету салдарынан опырылып түскен.

Видеода судың төбеден ағып ғимараттың ішін басқаны көрсетілген.

«Астана IT университетінде оқу күні осылай басталды», — деп жазылған видеоның астында.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда Кенесары көшесі мен тағы бірнеше көшені су басты.

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 8 тамызда күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайтынын хабарлады.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.