A place where you need to follow for what happening in world cup

Мойынқұмның ахуалы жыл сайын жақсарып келеді

90

Ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы

(2020 жылдың қаңтар–маусым аралығында)

Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде түліктің барлық түрін қоса есептегенде 23847.0 цн ет, 26715.0 цн сүт, 582.8 мың дана жұмыртқа өндіріліп, немесе өткен жылмен салыстырғанда 270 цн ет, 216 цн сүт, 15.8 мың  дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара 47906 басқа, қой 146832 басқа, ешкі 32124 басқа, жылқы 9298 басқа, түйе 1467 басқа, үй құстары 32056 басқа жетіп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 8547 басқа, жылқы 870 басқа, түйе 47 басқа көбейіп, қой-ешкі 7932 басқа азайды.

Инвестиция. Ауданда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 11940.0 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 137.9% өсіп отыр немесе 3518.4 млн. теңгеге артық атқарылды. Барлық инвестицияның 4892.5 млн. теңгесі үйлер мен ғимараттар салу және күрделі жөндеу жұмыстарына, 2741.6 млн. теңгесі машиналар, жабдықтар, аспабтар, құрал-саймандар алуға, 4305.8 млн. теңгесі өзгеде күрделі жұмыстар мен шығындарға жұмсалды.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 949577 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 92200 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 857377 мың теңгеге сатылды. Көтерме сауда көлемі 310669 мың теңгені құрап, барлығы азық-түлік емес тауарлар саудасы атқарылды.

Демография. Есепті мерзімде барлығы 309 нәресте дүниеге келіп, 71 адам қайтыс болды. Өткен жылы 286 нәресте туылып, 86 адам қайтыс болған еді. Ауданда 46 неке тіркеліп, 17 отбасы ажырасу фактісі тіркелді. Өткен жылы 84 неке тіркеліп, 31 отбасы ажырасу фактісі тіркелген.

Көші-қон. Есепті мерзім ішінде ауданға барлығы 335 адам көшіп келіп, 556 адам ауданнан тысқары жерлерге қоныс аударды. Жалпы аудан халқы 1 шілде 2020 жылға 32096 адамды құрады.

Мойынқұм ауданының Статистика басқармасы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.