A place where you need to follow for what happening in world cup

Министр аудан ахуалымен танысты

243

Облыстағы су қоймаларының жай-жапсарын білмекке келген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев біздің ауданда да болып қайтты.

Министр алдымен Ескі-Шу ауылдық округінде орналасқан Тасөткел су қоймасында болды. Сыйымдылығы 620 млн мЗ-ты құрайтын су қойма 1974 жылы салынып, аудандағы егіс алқаптарын суару мақсатында пайдаланылған. Қазіргі таңда су қоймасы оң жақ, сол жақ жағалау және Тасөткел магистралды каналы болып бөлінеді. Сәйкесінше ұзындықтары әртүрлі.

Аталған су қоймасын қайта жаңғырту жұмысына  «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы аясында 500 000,0 қаржы бөлінген. Мағзұм Маратұлы осынау ауқымды жобаға көбірек көңіл бөлуді тапсырып, «Бізге суды жинап, оны тиімді пайдалануды үйрену керек» деді. Министр тарапынан қойылған басқа да сұрақтарға жауап берген облыс әкімінің орынбасары Берік Болатұлы Нығмашев су қоймаға қатысты өзге де мәселелермен таныстырды.

Осыдан кейін жұмыс тобы маусымдық дақылдар өсірумен айналысатын «Qyzylsha» ЖШС-не атбасын бұрды. 2018 жылы негізі қаланған серіктестікке 1373 егіс алқабы тиесілі. Соның ішінде 25,5 гектарға қант қызылшасы, 397,5 гектарға жүгері және 950 гектар жерге арпа дақылы егіледі. Серіктестік Қант зауыты құрылысына 63 га жер телімі бөлінген. Серіктестік өкілдері зауытты іске қоспас бұрын шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін жүйеге қою мақсатында өткен жылдан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмысымен айналысып келеді. Қазіргі уақытта 204 га жерге наурыз айында 3 жаңбырлатып суару технологиялары орнатылды. 270 га аумаққа тамшылатып суару жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Министр серіктестікте атқарылып жатқан жұмыспен танысу барысында жауапты тұлғаларға жұмысты ширата түсуді тапсырды.

Балнұр Жексенбекқызы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.