A place where you need to follow for what happening in world cup

Мереке қарсаңында марапатталды

592

16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні. Еліміз үшін айтулы дата қарсаңында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде салтанатты жиын өтті. Басқосу барысында мекеме бастығы Ерлан Оразгелдиев сөз алып, әріптестерін мерейлі мерекемен құттықтады.

– Тәуелсіздік жылдары елімізде экономикалық реформаларды жүргізуге баса назар аударылды. Мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көршілес елдермен шекарамыз белгіленді. Елімізде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Табысты жүргізілген сыртқы саясаттағы жетістіктердің нәтижесінде Қазақстан беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жағдайын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде еліміз қарқынды түрде дамып келеді, – деді мекеме бастығы.

Сонымен қатар, жиын барысында Тәуелсіздік күніне орай бірқатар мекеме қызметкерлері марапатталды. Атап айтқанда, әділет аға лейтенанты, мекеме бастығының кезекші көмекшісі Қанат Маралбеков, әділет майоры, жедел бөлім бастығы Қайсар Жиенқұлов, әділет аға лейтенанты, жедел бөлімнің жедел уәкілі Дәурен Сиябеков, әділет аға лейтенанты, жедел бөлімнің жедел уәкілі Абзал Жампозов, әділет лейтенанты, режим бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі Дәурен Қуаныш, әділет сержанты, режим бөлімінің тексеру тобының бақылаушысы Гүлжамила Қашкынбаева, әділет капитаны, сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстары жөніндегі бөлімнің психологиялық тобының аға инспектор-психологі Гүлжан Ибримова, әділет капитаны, сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстары жөніндегі бөлімнің жасақ бастығы Талғат Сәрсенбеков, әділет аға лейтенанты, арнайы есеп бөлімінің бастығы Балжан Барбосынова, әділет капитаны, медицина бөлімінің бастығы Гүлшат Медетбекова, кадр саясаты бөлімінің инспекторы Зульфия Раймбекова, және заң кеңесшісі Қуандык Қалжанов марапатқа ие болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.