A place where you need to follow for what happening in world cup

Мамандық таңдау өмірдегі басты қадам

952

Мамандық таңдау өміріміздегі маңызды қадамдардың бірі екені баршамызға мәлім. Мамандық таңдау болашақпен тығыз байланысты маңызды іс, ол жауапкершілікті талап етеді. Болашақ түлектің қызмет саласын таңдауда қиындықтар мен қателіктер орын алады, атап айтсақ достарының таңдауына және мамандыққа бағыт-бағдар берушіге ауытқуы, ата-ананы тыңдау, өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау.

Әр адамзат баласы өз мамандығын таңдауда асықпай ойланып, ақылмен таңдағаны дұрыс. Менің таңдаған білім беру бағдарламасы «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау». Бұл білім беру бағдарламасын көбісі түсіне бермейді, сондықтан өз таңдауым жайлы кішкене болсын мәлімет айтып, мағынасын түсіндіргім келеді.

Қазіргі уақытта жерге орналастыру, жер кадастры және жер қатынастарын реттеу саласына еңбек нарығына қажетті білікті де білімді мамандар даярлау заман талабы. Жермен байланысты барлық операцияларды жүргізу, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, геодезиялық, іздестіру және зерттеу жұмыстарын жүргізу, жер учаскелерін есепке алу, бағалау, тіркеу және құжаттарды рәсімдеу біздің, яғни болашақ маманның жүзеге асыратын іс әрекеттері. Аталған білім беру бағдарламасы бойынша білім алған бітіруші түлек жерге орналастыру, жер ресурстарын басқару және мемлекеттік кадастр саласында шешім қабылдауға қабілетті, мемлекеттің негізгі ресурстары ретінде жерді тиімді пайдалану мәселелерін шешуге бағдарланған мәртебеге ие болады. Болашақ маман Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жер ресурстарын басқару» комитетінде, «Азаматтарға арналған Үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мемлекеттік коорпорациясында және оның филиалдарында, жер қатынастары басқармасында, қалалық жер қатынастары бөлімдерінде қызмет ете алады.

Мен болашағыма нық қадаммен қарыштап, таңдаған білім беру бағдарлама бойынша білім алудамын. Таңдауыма сенімдімін, жоғары сапалы білім алып, елімнің дамуына өз үлесімді қосамын деп сеніммен айта аламын.

Сман Анель Серікқызы

Дулати  университеті «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау мамандығының 1 курс студенті

 

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.