A place where you need to follow for what happening in world cup

Кіші футбол алаңшасы ашылды

164

ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай кіші футбол алаңшасы ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов, аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Қалдыбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Сатыбалдиев, ауыл әкімі М.Мыңбаев  және ауыл ақсақалдары мен  ауыл тұрғындары қатысты.

Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов жиналғандарды  ҚР Конституциясы күнімен және жаңа футбол алаңшасының ашылуымен құттықтап, індетке байланысты сақтық шараларын  орындауға шақырды.Сонымен қатар  аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Сатыбалдиев жиналған қауымды пайдалануға берілген футбол алаңшасымен құттықтап, ұқыпты пайдалануды сұранды.

Алаңның ашылу лентасын қию рәсімін аудан әкімінің орынбасары А.Нәметқұлов пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Сатыбалдиев орындады.

Аталмыш футбол алаңшасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғызылған болатын. Сметалық құны 11 млн. 340 мың теңгеге қаралған футбол алаңшасын мердігер ЖК «Кәусар» ұтып алып, құрылысты сапалы орындаған. Сонымен қатар тенис үстелі мен стрит воркут алаңшасы орнатылған.

Футбол алаңының ашылу салтанатынан кейін алғашқы ойынға аудан әкімінің орынбасары А.Нәметқұлов  допты қосты. Бұдан кейін, ауыл жастарыөз араларында жолдастық кездесу өткізді. Аталмыш шарада барлық санитарлық талаптар сақталып, ережеге сай өткізілді.

Жалпы аудан бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік  бағдарламасына  52 жоба енген, жалпы құны 1 млрд. 387 млн. теңге. Оның ішінде аудан бойынша 9 шағын  футбол  алаңшасы бар болса, аталмыш алаңша соның соңғысы.

 

Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,

Мойынқұм ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.