A place where you need to follow for what happening in world cup

Карантин режимін сақтау өте  маңызды

125

   Карантин режимінің аудан көлемінде сақталу барысын саралау үшін аудан әкімінің орынбасары А.Наметқұлов бастаған мониторинг топ мүшелері Мойынқұм ауылында орналасқан сауда, қоғамдық тамақтану орындарына, халық көп жиналатын пошта банк сынды мекемелерге рейд жұмыстарын жүргізді.

      Рейд барысында  талаптардың орындалуы мейлінше сақталатындығы байқалды. Дегенмен де ішінара  бар бетпердені тақпай, топ мүшелерін байқағанда ғана тағып алу фактілері кездесті.  Сауда орындарында сатушылардың тәртіп сақтауға үйренгендігі  анықталды. Алайда бір сауда орынында бетпердесіз сауда жасаған, санитайзерлердің жоқтығы анықталып, акт толтырылды. Халыққа ара қашықтықты сақтаудың, бетперде тағып жүрудің маңызы түсіндірілді. Режимдерді сақтаудың біреу үшін емес, әркімнің өз денсаулығы үшін керек екендігі айтылды. Бетперде тағу, ара қашықтықты сақтау арқылы егер ол өзі ауырса жақынына жанашыр болатыны, ал басқа адам ауырып тұрса өзін қорғайтыны туралы маңызды кеңестер берілді.

Айман ЕЛЕУОВА,

Мойынқұм аудандық тауарлар мен көрсетілетін

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау басқармасы басшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.