Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі — білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап дегеніміз — алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті кітапханасының қоры күн санап көбейіп, жаңа, құнды еңбектермен толығып жатыр. Құнды деректермен қатар, заманауи үлгіде жабдықталған кітапхана қоры электронды оқулықтармен де толыққан.
Кітапханада студенттер үшін шағын әрі ыңғайлы «Creative zone», «Coworкing zone» аймақтарын құрылған. Аталған аймақтарда белсенді жастар өздерінің кез-келген жобаларын жүзеге асырып, емін-еркін пікір алмаса алады. «Сreative zone» олар үшін кәсіби және іскерлік қызметтегі жоғары бастамаларына трамплинге айналады деп болжануда. Кітапханашылардың кәсіби мерекесі күні ұйымдастырылған іс-шара «Ғылыми мақалалар жазу бойынша жас ғалымдарға арналған лайфхак» атты авторлық вебинар-тренинге ұласты. Вебинар-тренинг ZOOM интернет платформасы арқылы өтті.
Қазіргі ақпараттық ресурстар қолжетімді екені түсінікті. Алайда интернет арқылы таралатын, қол жеткізіп отырған көптеген мәліметтер қате болуы да мүмкін. Оның үстіне бірінен көшіріп, біріне жариялап отырған ақпараттардың беру формасы да көңілге қонымды емес. Сондықтан, білім-ғылымға ден қойған аудитория үшін кітапхана – мол деректердің қоры болып қала берері анық. Яғни кітап XXI ғасырда да қажет. Кітап қана дәл мәнді білім береді. Себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың беттін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді.
Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық. Қазіргі техника дәуірінің дамуына байланысты «кітапханалардың болашағы жоқ» деген сөзді жоққа шығара аламыз. Кітап біз үшін ең сабырлы ұстаз болып қала береді.
Мерей ҚУАНДЫҚОВА,
Конвергенттік журналистика мамандығының 1-курс студенті