A place where you need to follow for what happening in world cup

Ел күткен референдум

941

5 маусым күні  референдумға дауыс беру құқығы бар ел азаматы ретінде өз таңдауымды  жасадым. Бір айта кететіні кеше мен алғаш рет дауыс бердім. Референдум — ел өміріндегі елеулі саяси оқиға. Себебі референдум арқылы Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізу көзделіп отыр. Егер халық жақтап дауыс берсе, онда ұсынылған өзгерістер моделі іске қосылады.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Экономика және бизнес» факультетінің  оқу корпусында №56 референдум  учаскесі орналасқан. Қала тұрғындары мен университет студенттері  таңғы 7:00 ден бастап референдумға дауыс беріп өз таңдауларын жасауда.

Елдің ертеңі үшін таңдау жасаған жастардың  саны өте көп. Жастардың ойын білмекке оларға сұрақ қойып, әңгімеге тарттық. Дулати университетінің география мұғалімі мамандығының  2-курс студенті Алишер Рыспаевның пікірінше бүгінгі референдумнан кейін  халықтың  билікке деген сенімі арта түседі. Сондай-ақ, бұл референдум тарих сахнасында ең айшықты оқиғалардың бірі болып қалатынына сенемін дейді жас студент.

№56 референдум учаскесінде дауыс беріушілерге барлық жағдай қарастырылған. Атап айтар болсақ, мүмкіндіктері шектеулі азаматтар мен азаматшалардың өтініші бойынша  мобильді топ жоғарда айтылған адамдардың үйіне барып инклюзивті түрде дауыс берушілердің дауыстарын жинай алады. Сонымен қатар,  референдум учаскесіне келген дауыс беріушілерге кішігірім дастархан жайылып 18 жасқа жаңа толып алғаш рет дауыс беру құқығына ие болған жастарымыз үшүн сыйлықтар ұсұнылды.

Фархат ҚАУМЕН,

Веб журналистика мамандығының 1-курс студенті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.