A place where you need to follow for what happening in world cup

Халықтың жағдайы бәрінен де маңызды

178

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев ауданға келіп, аудандық филиал ғимаратында партия активімен кездесті. Кездесуге аудан әкімі Нарбай Ергебеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейітхан Жұмашев, комиссия мүшесі Кемелбек Дәуренов, зиялы қауым өкілі Әбуғали Ералиев және бірқатар бастауыш партия ұйымының төрағалары мен төрайымдары қатысты.

– Өздеріңіз жақсы білесіздер, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты Мәлімдеме жасады. Халық арасында қауіпті індеттің алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Оның басы-қасында Мемлекет басшысымен бірге «Nur Otan» партиясы жүр. Алайда халық болған соң көптеген сұрақтар туындап жатыр, – деді Балабек Жанбекұлы. – Төтенше жағдай енгізілген соң үш күннен кейін Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев халықты сабырға, ауызбіршілікке шақырып, бұл тығырықтан шығу жолдарын, еліміздегі көмекк е мұқтаж жандарға көмек көрсетілетінін айтып, Үндеу жасады. Үндеуде айтылған 150 млн теңге карантин жарияланған Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы көмекке мұқтаж жандарға берілді. Екінші айтылған 200 млн теңге індетпен күресу үшін бөлінді. Мұны халық дұрыс түсінуі керек. Елбасының бастамасымен «Біз біргеміз!» акциясы аясында елімізде 23 қаланың көмекке мұқтаж жандарына 50 мың теңгеден көмек берілді. Бұл 23 қаланың ішінде біздің Тараз қаласы да бар. Бірінші траншпен 7473 отбасына 373 млн 650 мың теңге таратылды. Бұл қаражат аса көмекке мұқтаж жеті санаттағы азаматтарға берілді. Ол азаматтардың тізімін атқарушы орган жасады. Тізім партия қызметкерлерінің көмегімен қайта тексеріліп, кейбір азаматтар, яғни 30 пайызы тізімнен алынды.

Халық арасында неге қала тұрғындарына ғана берілді, неге ауылға берілмейді? деген сұрақ туындады. Себебі, қалада 383 шағын бизнес нысанының жұмысы уақытша тоқтатылып, оларда жұмыс істейтін 1500 адам табысынан айырылды. Қалада халық көпқабатты үйде тұрады. Көбі пәтерді жалға алып тұрып жатыр. Сондықтан ауылға қарағанда қаладағы күнкөріс қиындап кетті.

Екінші траншпен 9 295 отбасына 464 млн теңге таратылуда.

Үкімет тарапынан берілген 42 500 теңгені не себептен көп адам ала алмады? Себебі, көп адамдар әр азаматтың мәртебесін анықтауда өзінің көлеңкедегі тірлігін жасырып қалып еді. Ол азаматтар Үкіметке бірыңғай жиынтық төлем төлемеген еді. Сондықтан көп адамдар бұл ақшаны ала алмады.

Қазір еліміздің, жалпы әлемдегі дамыған мемлекеттердің өзінің экономикасы төмендеп кетті. Елбасы бұл мәселеге байланысты бізде бұл тығырықтан шығуға қаражат бар екенін, алайда қаражатты үнеммен, мақсатпен ғана жұмсау керектігін айтты. Сонда ғана біз тығырықтан шығып, даму жолына түсетінімізді жеткізген болатын. Сондықтан елімізде бүгінгі таңда түрлі бағдарламалармен бөлініп отырған қаражаттардың барлығын жергілікті жердегі аудан басшысы, мәслихат депуттары, «Nur Otan» партиясы бірге ақылдасып, ақшаны оңды-солды шашпай, тек қажетті ыстық нүктелерге жетуін қадағалап, қамтамасыз етуіміз керек.

Індеттің жаппай таралуын дер кезінде алдын алмау салдарынан небір алпауыт мемлекеттер қаншама халқынан айырылып қалды. Біздің ел Аллаға шүкір, биліктің тізгінінің мықтылығының арқасында жағдайды бақылауға алып отыр.

Билік басындағыларға үлкен жауапкершілік артылған. Біз халықты бірігіп, еңбек етіп, осы тығырықтан алып шығуымыз керек. Ол үшін аудан басшысына барлықтарыңыз қанат болып, бірлесіп, бір-бірлеріңізді қолдап, еңбек етіңіздер.

Жағдайы төмен жандарға қол ұшын берейік. Ораза айында ниеттеріңіз қабыл болсын. Қайырымдылық жасайық.

Әр нәрсенің қадірін жете түсінетін кез келді. Біздің әке-шешеміз нанды турағанда қоқымын теріп жеп отырушы еді. Ал қазір бөлкелеп нанды қоқысқа тастаймыз. Қазір ақшаны оңды-солды шашпай, азық-түлік пен ең қажетті деген дүниелерге ғана жұмсауымыз керек. Үнемділік қажет, ысырапшылдыққа жол бермеуіміз тиіс,-деді Балабек Жанбекұлы.

Сөз тізігінін аудан әкімі Нарбай Әбілқасымұлы алып, аудандағы жағдаймен қысқаша таныстырып өтті.

– Ауданымызда «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен 228 отбасына, аудан әкімдігінің, ауылдық округ аппаратының, депутаттардың, кәсіпкерлердің, ардагерлеріміз бен жастардың ұйымдастырумен 746 отбасына 6,5 миллионнан астам қаражатқа қайырымдылық жасалды,- деді аудан басшысы.

Бұдан соң Балабек Нарбаев аудан орталығындағы көмекке мұқтаж үш отбасына барып, жағдайларын сұрап, партияның ұйымдастыруымен азық-түліктер мен отбасы мүшелеріне медициналық бетперделер берді.

Сонымен бірге аудан дүкендеріндегі азық-түліктердің баға тұрақтылығын бақылау мақсатында «МЕР» дүкеніне бас сұғып, ондағы әлеуметтік бұрыштағы азық-түліктің бағасы мен қорын, жалпы халыққа қажетті азық-түліктердің бағасын бақылай келіп, дүкен иесіне санитарлық талаптарды қатаң сақтау мен тұтынушылардың кезекке тұруда тәртібін қадағалап тұруды тапсырды.

Сондай-ақ, ауданымыздағы ірі сүт зауыты – «Бурное сүт компаниясы» ЖШС-не барып кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен, мәселелерімен танысты.

Кәсіпорын директоры Әбдібек Пошқаев темір жол арқылы өнімдерін тасымалдауда біршама қиындықтар барын, Түлкібас ауданынан келетін сүтті карантинге байланысты сүт тасымалдаушылар жеткізе алмай отырғандығы, автокөлік бөлшектерінің қымбаттауы, зауытты кеңейту мақсатында құрылғылар алып қойғаны, алайда төтенше жағдайға байланысты мамандардың шетелден келе алмай жатқандығын айта келе аудан халқына сүт бағытында ірі қара асырауға жеңілдетілген несиелер берілсе деген тілектерін жеткізді.

Сонымен бірге, Балабек Жанбекұлы «Гамбург» ЖШС-нің егіс алқабына да барып, шаруаның жағдайымен танысты.

Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.