A place where you need to follow for what happening in world cup

Грант иегерлерінің көбі ЕҰУ-ды таңдады

5 172

4000-ға жуық мемлекеттік білім гранттарының иегерлері Еуразия ұлттық университетіне түсуге құжаттар тапсырды. Бұл ЖОО тарихында еліміз бойынша рекордтық көрсеткіш болып табылады.

Мектеп түлектерінің басым таңдауы техникалық бағыттарға түсті – 3 000-нан астам грант. Оқуға түсушілердің сапалы контингентін «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері және басқа да дарынды жастар құрайды. Бұл университет тарихындағы рекордтық көрсеткіш және ЕҰУ-ға деген сенімнің артып келе жатқанын көрсетеді.

Биыл мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған гранттарды ұлғайтты және ауыл жастары мен Қазақстан азаматтары болып табылмайтын этникалық қазақтарға квоталар бөлді. Осыған байланысты Еуразия ұлттық университеті халықтың әлеуметтік осал топтарына 200-ден астам және шетелдік азаматтар мен этникалық қазақтар үшін (300-ден астам білім алушы) грант иегерлеріне есік ашады. Сонымен қатар университетте мұқтаж студенттерге қолдау көрсету бойынша әлеуметтік бағдарлама жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS WUR жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингінде 277-орын алады. Ұлттық білім беру рейтингтерінің көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр.

turkystan.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.