A place where you need to follow for what happening in world cup

Есің болса, есірткіге жолама!

284

Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Нашақорлық-бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Қылмыстар мен зұлымдық атаулының туындауына әкеліп соқтыратын нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күреске бүгінгі таңда ерекше назар аудару арқылы мейлінше ықпалды әрі тиімді шараларды үздіксіз жүргізіп отыру баршамыздың басты міндетіміз.
Былтырғы жыл «Жастар жылы» болса, биыл «Волонтерлар жылы. Демек, елдің тірегі, болашағы, өсіп-өнуінің басты барометрі саналатын жастарымыздың жолынан жаңылмай, азғындыққа салынбай, еңсесін тік ұстап, жат қылықтардан аулақ болу үшін алдыңғы толқын ел ағалары үлгі көрсетіп, тәрбие мен білімді тел емдіруі қажет деп білемін. Жерлесіміз, жанашыр әпкеміз, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Қазақстан дәуірі» қоғамдық газетінің бас директоры Сәуле Мешітбайқызы ауданымызға ат басын бұрып, «Есірткі саудасы есіл ерлердің есін алып тұр» атты баяндамасын оқып, нашақорлық құрдымға кетірер кесапат екенін қаншама өскелең жастың санасына құйып кетті.
Қаншама үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, БАҚ беттеріне есірткінің зияны жөніндегі сан мыңдаған мақалалалар шығып жатса да нашақорлық індетіне шырмалғандар азаймай тұр. «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» деп дана халқымыз айтқандай, өз қатесін түзетіп, ортамызға оралса, олардың кеудесінен ешкім итермесі анық. Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы. Сондықтанда ғасыр дертіне айналған нашақорлық кеселіне немқұрайлы қарамай, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші ел болып еңсерейік.

А.БЕРДЕНОВА,
Шу аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.