A place where you need to follow for what happening in world cup

Ермек Нарымбай не үшін тұтқындалды: прокуратура жауап берді

458

Алматы прокуратурасы белсендінің Алматы әуежайына келген соң қамауға алыну себебін түсіндірді.

Бүгін таңертең Алматы әуежайында ұсталып, тергеу изоляторына жеткізілген оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаев бұған дейін шығарылған  сот үкімін орындау үшін қамауға алынған. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.

«Алматы қаласының прокуратурасы 1970 жылы туған Е.Е.Нарымбаевты Киев қаласынан келгеннен кейін Алматы халықаралық әуежайында көліктегі ПД  қызметкерлері ұстағанын хабарлайды. Ол бұған дейін іздеуде болды. Сот үкімі Е.Е. Нарымбаев  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру» бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолданып, кінәлі деп танылды. Сот үкімін орындау мақсатында Е.Е. Нарымбаев  тергеу изоляторына қамалды» делінген хабарламада.

Нарымбаев Украинадан Қазақстанға келген кезде ұсталды. Паспорттық бақылаудан кейін оны бөлек бөлмеге, кейін тергеу изоляторына алып кетті.

Еске салайық, Нарымбаев 2016 жылдың шілдесінде Қазақстаннан қашып кеткен, содан бері Украинада тұрып жатыр. Сол жылы ол Қазақстандағы терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне енді. Бұл тізім Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтында жарияланған.
2016 жылы Алматының Алмалы аудандық соты Ермек Нарымбаевты Facebook желісіндегі жазба арқылы араздық тудырғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды. Содан кейін оның жазасы жеңілдетіліп, нақты мерзімі бас бостандығын шектеумен ауыстырылды. Нарымбаев Orda.kz бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға Қазақстанға келген соң сот үкіміне шағымданатынын айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.