A place where you need to follow for what happening in world cup

Еліміздің бай-бағландары зәулім сарайларын сатып жатыр

124

Жылжымайтын мүлік нарығында соңғы кезде миллиардтаған теңге тұратын үйлердің сатылымы басталғанын байқауға болады, деп хабарлайды Экспресс К.

Үй іздеуге арналған танымал сайттағы мәлімет бойынша, Қазақстан бойынша құны 1 миллиард теңгеден асатын 160-қа жуық зәулім сарайлар мен қымбат пәтерлер сатылып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Хабарландырудың көбі қаңтардың соңында, ал жартысынан көбі тіпті соңғы күндері жарияланған.
Ең қымбат мүліктің бірі елордамызда орналасқан екен. Мысалы, вип-қалашығындағы 10-бөлмелі, 1400 шаршы метрлік үй 2,6 миллард теңге тұрады.
Үй елорданың сол жағалауындағы экологиясы таза аудандардың бірінде, Президент саябағына жақын жерде, жаңа әкімшілік орталықта тұр. Сарай орналасқан қалашықтың аумағы толық қоршалған. Кіреберісте күзет, жан-жағында бейнебақылау жүйесі тұр,

— делінген хабарландыруда.

Ал «депутаттар қалашығы» атанып кеткен ауданда сатылып жатқан 3 қабатты, 7 бөлмелі үй 2,5 миллиард теңге тұрады.

Қымбат та, жайлы зәулім үйлер Алматыда да жоқшылық емес. Мысалы тау бөктерінде орналасқан 750 және 250 шаршы метр екі резиденцияның құны 2,5 миллард теңге. Үйдің сипаттамасы керемет!

Үш қабатты үй 1 гектар жерде орналасқан. Үйде жұмыс кабинеті, қысқы зал, монша, ашық бассейн бар. Сарай Іле Алатауы қорығымен шектеседі. Сондықтан айналасында қарағай орманы мен өзен бар. Жолдары асфальт, су мен жылу орталыққа қосылған,

делінген хабарландыруда.

Елімізде люкс санатындағы осыншама үйдің соңғы кезде сатылып жатқаны «Қаңтар трагедиясына» байланысты ма деген сұрақ туындайды. Сондай-ақ өткен айда ұсталып, қамауға алынған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің АҚШ-тағы жылы штаттарда 16 зәулім үйі бар екені анықталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.