A place where you need to follow for what happening in world cup

«Дін және қоғам»

99

«Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылдық округінің аудандық мәдениет үйінде ақпараттық түсіндіру топ мүшелеріне «Дін және қоғам» атты семинар өткізілді.

Шараға республикалық аұпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қ.Әліпбайұлы және Жамбыл облысы дін істері проблемаларын зерттеу орталығының Жуалы ауданы бойынша теолог маманы Р.Абделиев пен «Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Х.Бакирамов аудан тұрғындары, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.

Шара барысында Р.Абделиев модератор болып, Қ.Әліпбайұлы жат ағымның қазақ топырағына келер қаупін және бала тәрбиесіне осы бастан ден қою керектігін атап өтті.

Шара соңында аудан тұрғындары көкейлерінде жүрген бірнеше сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.