A place where you need to follow for what happening in world cup

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан үздік үштікке кірді

25

Үндістанда өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олпимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орынға көтерілді деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан намысын қорғап жатқан шахматшы қыздарымыз 9-турда Болгарияны 3:1 есебімен жеңгеннен кейін 3-орынға көтерілді. Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева жеңіске жетсе, Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева тең түсті. Қазір командада жеті жеңіс бар. Бұған дейін қазақстандық әйелдер құрамасы турнир кестесінде алтыншы орында болатын.

Тоғызыншы турдан кейін әйелдер құрамасы арасында турнирлік кестеде бірінші орында Польша, ал Үндістан екінші орында. Ерлер құрамасы арасында біріншілік Өзбекстанға тиесілі болса, Үндістан екінші, Армения үшінші орында.

8 тамызда Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиада қожайындары – Үндістанмен ойнайды. Ерлер құрамасы 27-орындағы Хорватиямен ойнайды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.