A place where you need to follow for what happening in world cup

Әйел айына 201 мың теңге төлеп, күйеуіне көңілдес жалдаған

23

Таиланд тұрғыны әлеуметтік желілерде күйеуіне көңілдес іздеу науқанын ұйымдастырды. Бұл туралы Daily Star хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

44 жастағы Паттима TikTok желісінде күйеуіне көңілдес болатын әйел іздеді. Үміткерлерге көптеген талап қойылды. Олар 30 жастан кіші және 35 жастан үлкен болмағаны жөн. Жоғары білімі немесе ғылыми дәрежесі және АИТВ жоқтығы туралы медициналық анықтамасы болуы керек. Сондай-ақ жалақысына айына 15 мың бат (201 мың теңге) төленетіні айтылды. Оған қоса тегін тамақтанып, үйлерінде тегін тұруына болады.

«Екі қызметкер кеңседегі құжаттарға көмектесу үшін жалданады, тағы біреуі маған, күйеуіме және балама қамқорлық жасауы керек», — деді Паттима. Сондай-ақ ол күйеуінің көңілдестеріне жақсы қарауға уәде берді. Бірақ олар міндетті түрде әйелге үй шаруасында көмектесуі керек.

«Күйеуіме кіммен ұйықтағысы келетінін және кіммен болғысы келетінін таңдауға мүмкіндік беремін. Ешқандай кесте болмайды, ол өз бетінше таңдай алады», — деді ол.

Жазба 56 мыңнан астам лүпіл мен екі мың пікір жинады. Нәтижесінде ерлі-зайыптылар 33 жастағы әйелді тапқан, ол күйеуінің көңілдесі ретінде отбасының жаңа мүшесі болып қабылданады.

Кейінірек Паттима әйелдің күйеуінің көңілінен толық шықпағанын айтты. Бастапқыда ол үш қызметкерді жалдағысы келетінін мәлімдегенімен, одан соң олардың керегі жоқ болып қалған. Сөйтіп бос жұмыс орны туралы хабарламаны жауып тастаған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.