A place where you need to follow for what happening in world cup

Бейбіт Мырзагелдиев Шу ауданында болды

205

Бүгін Шу ауданына ат басын бұрған Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ауданымыздың тыныс-тіршілігімен танысты .
Аудан әкімі Ж.Айтақовпен кездесіп, мешіттердің хал-ахуалын сұрастырған бас имам жаңадан қолға алынып, бой көтергелі жатқан Тоғай мөлтек ауданындағы мешітке, аудандық орталық «Төле би» , Шу қалалық «Жәми» , «Кәрібай молда», «Әбу Бәкір Сыддық» мешіттерін аралап, ресми құжаттарымен танысып, дұрыстығына көз жеткізді.
Аудан бойынша барлық 28 мешіт имамдарымен жиын өткізіп, діни сауаттылықты арттыру, қайырымдылық шараларын жиі өткізуді қолға алу жайында жұмыс атқарылуы қажет екендігін атап өтті.
Бас имам алдағы уақытта да бірқатар тапсырмаларды бірлесіп орындайтыны жайлы үндеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.