A place where you need to follow for what happening in world cup

Баға бақылауда болады

544

Құрметті аудан тұрғындары! Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты менің әлеуметтік желідегі парақшаларыма көптеген сұрақтар келіп түсуде. Олардың басымы базардағы азық-түлік бағасының көтерілуі. Осындай сұрақтардың бірі орталық базардағы дүкендерге қатысты болып отыр. Бүгін бағаға байланысты сауал бойынша бірнеше дүкенде болып негізсіз бағаны көтеруге жол берген кәсіпкерлердің қатаң жазаланатынын ескерттім. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына мән берілді. Кәсіпкерлерге осындай қиын сәтте пендешілікке жол бермеуге, мына көзге ілінбейтін дұшпанымызды бірге жеңуге күш біріктіруге шақырдым. Әрине, соңғы күндері ауданымызда тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға көмек қолын созып жатқан кәсіпкерлер, волонтерлардың еңбегін көріп отырмыз. Оларға рақмет. Дегенмен, кейбір ірі сауда орындарының иелеріне ағын су арқырап аға шығарын, түбінде тас қаларын, жақсылығы қаларын ұмытпау керек. Ал заңға бағынбаған тұлғаларға жауапкершілік жүктеледі.
Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің де жұмысын тоқтатқанын жақсы білесіздер. Санитарлық талаптарды бұзып, адам тасумен жеке айналысуды көздеп жүрген азаматтарға бұл ойынан қайтуды сұраймын. Осы мәселе бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің басшысына тиісті тапсырмаларды бердім.

Нарбай Ергебеков, 

Жуалы ауданының әкімі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.