A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауыл тұрғындарының ризашылығы

106

Осыдан 4 жылдай уақыт бұрын шамасында ауылда ауыз су, арық суы мәселесі өте күрделі жағдайда болды. Бұған халық қатты ренжіді. Былтырғы жылдан бері аудан әкімі Мәден Мұсаев мырза осы мәселеге жіті көңіл бөлгенінің арқасында бұл мәселе оң шешімін тапты.

      Биылғы жылдың қазан айында таза  ауыз суы толығымен іске қосылатыны туралы сүйікті газетіміз «Мойынқұм таңынан» оқып, қуанып қалдық. Қысылтаяң уақытқа қарамастан, ауылымыздың екі үлкен көшесіне шағал тас төгіліп, тегістеліп қойылды. Күннің жауын-шашын кезінде бұл көшелермен адам ғана емес, техниканың жүруі де  қиямет еді. Су жүретін құбырлар жаңадан ауыстырылып жатыр. Ауыл әкімшілігі кеңсесі жөнделетін болды деген хабарда жетті. Сондай-ақ шағын футбол алаңы соғылып, Абай атындағы орта мектебі маңайына абаттандыру жұмыстары жүргізілетіні, Сарымсақ көшесінің жөнделетіні туралы жағымды хабарларда қуанышымызды еселей түсті. Міне осындай игілікті істер, бізге деген жанашырлық аудан басшыларының арқасында жүзеге асып отырғанын жақсы білеміз. Сондықтанда ауыл тұрғындарының  ризашылығын жеткізгім келді.

       Жұмыссыздарға жұмыс тауып беріп отырған Жұмыспен қамту орталығының басшысына да рахмет айтамыз. Аудан әкімшілігі, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшыларына  еңбектеріңіз жемісті болып, ел үдесінен шыға беріңіздер демекпіз.

Кәрібай ОСПАНОВ,

ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Мойынқұм ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.