A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудан әкімі Н.Календеровтың Құрылысшылар күні мерекесіне орай құттықтауы

265

Қадірменді құрылыс саласының қызметкерлері!

Сіздерді алдағы жексенбі күні аталып өтетін кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Құрылыс саласы қай уақытта да құрметті және абыройлы саланың бірі. Сіздер сол талапқа сай өңір аумағында әлеуметтік және өндірістік нысандарды сапалы әрі мерзімінде іске қосуға атсалысып келесіздер. Қарышты даму жолына түскен ауданымызда қазіргі заманға лайықты сәулетті ғимараттар қатары күн сайын өсу үстінде. Қала мен ауылдың сәнін келтіріп, айшықтандырып тұрған құрылыстарға қалдырған қолтаңба әрқайсыңыз үшін үлкен мәртебе.

Ауданымыздағы жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары өңір экономикасының көтеріліп келе жатқандығын аңғартады. Бүгінгі күнде жекелеген тұрғындар да жаңадан жер учаскілерін алу арқылы тұрғын үйлер тұрғызуға күш салуда. Осының бәрі ауданымызда құрылыстың қарқынды жүргізіліп жатқандығын, құрылысшылардың аянбай еңбек ете білетіндігін көрсетеді.

Осы орайда біздер құрылыс немесе жөндеу жұмыстары жүргізілетін нысандардағы техникалық қадағалаушылардың жауапкершілігін арттыруымыз қажет.

Әрине, қандай құрылыс болсын орасан зор еңбекті қажет етеді, ол Сіздердің жасампаз еңбектеріңіздің жемісі. Сол үшін ауданымыздың экономикасына қосып отырған үлестеріңіз бен ел мүддесін қанағаттандыруға, әлеуметтік саланы жетілдіруге атсалысып отырғандарыңыз үшін, Сіздерге айтар алғысымыз шексіз.

Құрметті құрылысшылар!

Кәсіби мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және атқарып жатқан жұмыстарыңыздың жемісті болуын тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.