A place where you need to follow for what happening in world cup

Құрылыс саласы қарқынды даму жолында

266

Серік СӘРСЕНБЕКОВ,

аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

Құрылыс саласы қанша уақыт өтсе де, өзінің өміршеңдігін жоғалтпайтын, уақытпен бірге жасап, заман талабына сай жаңғырып отыратын, маңызды  сала болып табылады. Сондықтан, осы сала еңбеккерлерінің де қоғамда алатын орны ерекше. Олардың ерен еңбегінің нәтижесінде жалпы еліміз, оның ішінде біздің ауданымыз да әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан жоғары деңгейден көрініп келеді. Мұны біз өңіріміздегі жаңадан тұрғызылып жатқан тұрғын үйлер  мен әлеуметтік нысандардың көптеп бой көтеруінен де аңғара аламыз.

2019 жылдың ішінде Мойынқұм ауылы су жүйелері мен су шығару имараттарының құрылысы аяқталып, Шу қаласындағы «Оңтүстік батыс» мөлтекауданы (тұрғын аумағы 258,7 га) электрмен қамтамасыз етілсе, Далақайнар ауылы, Т.Әшімбаев атындағы орта мектепке жапсарлас спорт зал, мәжіліс залы, асхана құрылысы толықтай жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

2019-2020 жылдарға жоспарланған өтпелі құрылыс нысандары Төле би ауылындағы спорт-сауықтыру кешені, Шу қаласындағы «Қайрат» стадионын күрделі жөндеу жұмыстары, Төле би арқылы өтетін Шу-Бурылбайтал автожолының бойына ойын-сауық көпфункционалды нысандарының құрылысы, Бірлікүстем ауылындағы 300 орындық Домалақ ене мектебінің құрылысы, Алға ауылындағы 300 орындық Амангелді орта мектебінің құрылыс нысандары белгіленген мерзімдері бойынша пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, Өндіріс ауылдық округі Абай ауылында 90 орындық мәдениет үйі құрылысы, Шоқпар ауылы аумағында учаскелік полиция пунктінің отбасымен бірге тұру үшін үй-жай аймағымен біріктірілген нысаны, Шу қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепке спортзал, мәжіліс залы, асхана құрылысы, Шу қаласындағы Оңтүстік батыс» мөлтекауданын (тұрғын аумағы 258,7 га) газдандыру жұмыстары алдағы уақытта атқарылмақ.

Зер салып, байқасаңыз жұмыс көлемі ауқымды. Мұның барлығы ауданның әлеуетін арттыруға, халықтың  тұрмыстық ахуалын жоғарылатуға бағытталған жұмыстар. Ең бастысы, олардың басы-қасында бірінші кезекте білікті құрылысшы жұмысшылар жүреді.  Сондықтан, мен әріптестерімнің алдағы жоспарларды, алға қойған міндеттерді лайықты жүзеге асыруы жолында тек сәттілік тілеймін!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.