A place where you need to follow for what happening in world cup

Алматы әкімдігі жанармай құю бекеттеріндегі дизель отынының тапшылығына қатысты пікір білдірді

28

Алматы қаласының әкімі дизель отынымен толық қамтамасыз ету мәселесінің ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі.

Қала билігі қазіргі таңда Энергетика министрлігімен бірге үш мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын үздіксіз жеткізу бойынша ірі жанармай құю бекеттеріне көмек көрсетіп жатыр.

Сонымен қатар кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы көтерме жеткізушілермен бірге тұрғындарды қажетті дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесін шешіп жатыр.

«Дүрлігуге жол бермеу мақсатында мұнай базалары мен жанармай құю бекеттеріндегі дизель отынының қоры бақыланып отырады. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен дизель отынын жеткізуді тоқтатпау үшін келісім жасалды. Айта кету керек, қалада тұтыну көлемінің артуы өзге қалалардағы ірі жүк көліктерінің дизель отынына деген сұранысының артуымен байланысты», – делінген әкімдік хабарламасында.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.