A place where you need to follow for what happening in world cup

Алдағы жұмыс бағыты белгіленді

124

Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын түсіндіруге арналған актив отырысы өтті. Актив жиынын аудан әкімі Мәден Мұсаев ашып, еліміздің қарқынды дамуының алдағы жолын айқындап берген тарихи құжаттың мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, теңгерімді аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты- басты басымдық, қол жетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау саласын дамыту, экологиялық және биологиялық әркелкілікті қорғау, әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында, цифрландыру барлық реформаның негізгі элементі, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы ұлттың жаңа болмысы атты он бір басымдығына жеке-жеке тоқталып, жан-жақты түсіндіріп берді.

– Президент Жолдауы — елдің экономикалық өсімі мен қазақстандықтардың тұрмыс жағдайының жақсаруын қамтамасыз ететін ауқымды әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Біздің міндетіміз – мемлекет басшысы бастамаларының толық уақытылы және сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Биылғы Жолдауда айтылған азаматтардың тұрмысын жақсарту, оларға жағдай жасау, тұрғындардың денсаулығы үшін бұқаралық спортты дамыту, әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу, жұмыссыздықты жою, мұның бәрі бізге үлкен міндеттер жүктейді. Сондықтан осы отырған барлығыңызды Президенттің биылғы Жолдауын халыққа, аудан тұрғындарына түсіндіруде, насихаттауда жұмыла жұмыс жасап, қазір Жолдаудан туындайтын негізгі мәселелер туралы ойларыңызды бүкпесіз айтуға шақырамын,- деді Мәден Тоқтарбайұлы.

Талқылау барысындағы сөз кезегін алдымен алған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Сатыбалдиев: «Жолдауда бірқатар маңызды мәселелер айтылды. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі мен азаматтардың мүддесін қорғауға ерекше екпін берді. Коронавирус пандемиясы әлемдегі ақуалды түбегейлі өзгертті. Осындай қиын қыстау кезеңде мемлекеттік басқару саласының кем-кетігі анық байқалды. Тікелей Президентке бағынатын стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік, төтенше жағдай министрлігі құрылатын болды. Биыл мемлекеттік аппарат пен  квази мемлекеттік саладағы қызметкерлер 10 пайызға, келер жылы 15 пайызға қысқармақ. Жолдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі де кеңінен айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа бой алдырғандарға берілетін жазаны қатайту үшін қылмыстық кодекске өзгерістер енгізіліп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды» деді. Содан соң сөз тізгінін алған Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Нұртас Саурықов мемлекет басшысы білім беру саласындағы қашықтықтан білім беру үшін әлі нақты онлайн платформа жасалмағанын сынағанын, 2021 жылдың 1 қаңтарынан мұғалімдердің айлық жалақысы 25 пайызға өсетінін, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясы кеңейтінін, дарынды жастарды іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында дайындауға басымдық берілетіндігіне назар аударды. Өзі басқарып отырған мектеп-гимназиясында жаңа жағдайда оқушыларға білім беру барысындағы ерекшеліктерді атап өтті. Ал аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Тұрсынкүл Рыстанбаева: «Жолдауда атап көрсетілгендей, 2020 жылы дәрігерлердің жалақысы еліміздегі орташа жалақыдан екі есе жоғары болады. Биылғы ІІ жартыжылдықта пандемиямен күрескен медицина саласының мамандарына қазынадан 15 млрд.  теңге қосымша қаражат бөлінеді. 2025 жылға қарай еліміз бойынша жиырма заманауи медициналық орталық салынады. Сонымен бірге індет кезінде аса қажеттілік тудырған эпидемиолог, рениматолог, пульманолог, инфекционист, кардиолог сынды мамандар даярлауға көбірек көңіл бөлінбек», деді.

Актив жиынын қорытындылаған  аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев: «Алда біздерді бірлесіп атқаратын қыруар жұмыстар күтіп тұр. Біздің міндетіміз – Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды мерзімінде орындап шығу. Осыған орай, Жолдауды іске асыру ауданның, тұтастай алғанда, еліміздің игілігі үшін әрбірімізге жеке жауапкершілік жүктейді. Ауылдық округ әкімдері мен депутаттар, ардагерлер мен қоғамдық ұйымдар халық арасында түсіндіру жұмыстарына, Жолдаудың негізгі басымдықтарының жоғары деңгейде жүзеге асырылуына белсенді атсалысуы керек» дей келе аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекеме басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындау барысындағы іс-әрекеттерін ширатуды тапсырды.

 

Жолдыбай ДӘМЕТОВ,

Мойынқұм ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.