A place where you need to follow for what happening in world cup

Аймақтық кеңес отырысы өтті

86

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесі отырысы өтті.

Қазіргі қоғамда басыбайлы баспанаға қол жеткізу өте өзекті. Оның ішінде, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларды баспанамен қамту туралы мәселесі қашанда күн тәртібінен түскен емес.

Кеңес отырысында аталған мәселе қаралып, облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысының орынбасары Руслан Мұздыбековтың баяндамасы тыңдалды.

2023 жылдың 1 мамырындағы жағдайға сәйкес, өңірде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте 35 854 адам тұр.

Кезекке тұру қарқыны жыл сайын ұлғаюда. Мәселен, 2021 жылы 1 306 кезектегі адам баспанамен қамтылса да, кезектілік 3 577 адамға артқан.

Өткен жылы 426 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

Жыл соңына дейін өңірде 2 620 пәтерлі 46 үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал және көпбалалы отбасыларға 7,6 миллиард теңгеге          797 пәтер сатып алынбақ.

Қызығы, Байзақ, Меркі, Шу және Мойынқұм аудандарында 2021 жылдан бері ешқандай үй берілмеген. Кеңес мүшелері алдында аталған аудан әкімдерінің жауапты орынбасарларының есептері тыңдалды. Айта кетерлігі, аталған аудандарда биылдан бастап қозғау бар. Кей аудандарда көпқабатты үйлер бой көтеріп жатса, кей аудандарда бюджет есебінен пәтер сатып алу жоспарланып қойған.

Кеңесте көпбалалы және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін үйлердің сапасы туралы да сөз болды. Шындығында, әлеуметтік тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейді. Сондықтан мұндай үйлерді қабылдап алатын жауапты органдардың да жауапкершілігі болуы тиіс.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.