Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында «Әл-Фараби тағылымы» облыстық байқауы өтті.
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқауға қалалық және аудандық іріктеу топ жарған 70 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Білім бәйгесі «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда…», «Данышпандықтың інжу маржаны…», «Мен сомдаған Фараби…» атты 3 номинация бойынша өтті.
Байқау барысында оқушылар әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына қатысты интеллектуалдық сұрақтарға жауап беріп, ұлы ойшылдың тіл, әдебиет, музыка, риторика, философия, жаратылыстану салаларындағы еңбектеріне қатысты ғылыми жобалар қорғады. Одан бөлек қатысушылар ғұламаның өмір жолы мен шығармашылығы туралы сахналық қойылым құрып, әділқазылар алқасы сахна мәдениеті, киім үлгісі, актерлік шеберліктерін бағаланады.
Тартысты сайыс нәтижесінде І орынды Т.Рысқұлов ауданының командасы жеңіп алды. Жүлделі ІІ орын Жамбыл және Меркі ауданының командаларына бұйырса, Байзақ, Талас аудандарының командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.