A place where you need to follow for what happening in world cup

Алғыс айту күніне арналған айрықша акция

324

Тараз қаласындағы «Март» сауда орталығында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Мейірімді жүрек» еріктілері Волонтерлар жылына және 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» акциясын өткізді.

Студенттердің флешмобымен басталған акция барысында еріктілер Қазақстанда тұратын этностардың ұлттық билері мен әндерін орындап, көрермендерге өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрінен сұрақтар қойды. Одан бөлек сауда орталығына келушілерге бауырсақ ұсынып, қазақтың ұлттық дәмінен ауыз тигізді.

Акция жастар арасында ұлтаралық татулықты сақтауға ықпал ету, ризашылық, алғыс туралы түсініктерін кеңейтіп, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.