A place where you need to follow for what happening in world cup

Ұлы ойшыл әл-Фараби

135

Қазақтың кең байтақ жерінен көкірегі ояу, көзі ашық, талай ғалымдарымыз шықты. Соның бірі — күллі əлемге танымал Əбу Насыр әл-Фараби. Түрік тайпасынан шыққан Фактілер негізіне сүйене отырып, әл-Фараби кейін қазақ халқының құрамына қосылған түркі тайпасынан (Қаңлы-қыпшақтардан) шыққанын, оның туған қаласы қазір Қазақ жерінде екенін және ол Шығыс халықтарының мәдениетіне жақын қатынасы бар қайраткер болғанын айта аламыз. Көп мəліметтерде сауатын түрікше ашқаны, өзін алғашында əнші-күйші ретінде көрсете білген. Екінші ұстаз атанған әл-Фараби қарапайымдылықты жаны сүйген жанның бірі. Оның бірден-бір дəлелі, көптеген атақ даңқ ұсынып жатса да, өз күніне қанағат тұтып, қарапайым ғана өмір сүргені.
«Ол Хамада қаласында араб тілін үйренді. Одан кейін 20 жылдай Бағдат қаласында тұрып, антикалық философиямен әлемдік мәдениетпен танысты. Жалпы әл-Фараби бір жерде тұрақтамаған. Ол үнемі бір қаладан екінші қалаға саяхат жасап, білімін шыңдаған. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады. Біздегі мәліметтерге сәйкес, ол 70-ке жуық тілді меңгерген», — дейді профессор Жақыпбек Алтайұлы. Ең алғаш араб, грек тілдерін білім іздеп оқып бастағанда жетік меңгере бастаған. Əл-Фараби білімге деген құштарлығы мен ізденісінің арқасында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атағына ие болған. Ол 150-ге жуық философиялық жəне ғылыми трактаттар жазып қалдырған. Əлем бойынша жазған еңбектері кітапханалардан көптеп кездеседі. Еңбектері орыс жəне қазақ тілдеріне аударылуда. Сондай-ақ «Музыка туралы үлкен трактат» атты шығармасы əлемнің көптеген тіліне аударылған.
Әл-Фараби Аристотельдің «Физикасын» қырық, «Риторикасын» екі жүз, «Жан туралы» атты кітабын жүз рет оқыған екен. Бұл өте таңқаларлықтай еңбек пен ізденушілік. Немістің ұлы философы Гегель: «Бүкіл мұсылман шығысының аса ұлы ойшылы әл-Фараби өзінен бұрынғылар тек шет пұшпақтап айналасқан көп мәселелер бойынша аса зор жұмыс тындырды. Бұл кемеңгер адам грек философиясының ең терең қырларына дейін бойлап, байыбына жетті. Сондықтан да Шығыста философияны ғылыми зерттеуді шын мәнінде бастаушы кім дегенде, басқа ешкім де емес, тек соның есімі аталуы керек»-дейді. Ал ағылшын арабисі Х.А.Гиббдің жазбасында: «әл-Фараби көптеген сындарлы шығармалар туғызды. Фараби мұрасы ұшаң теңіз және сан алуан. Ол сол тұстағы бүкіл білім салаларын, этиканы, саясатты, психологияны, жаратылыстануды, музыканы оқып зерттеді» делінген. Қай ғалымның пікіріне тоқталсақ та, Фарабидің еңбектеріне тəнтілігін көре аламыз.

Ұлжан КӨШЕН.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.