A place where you need to follow for what happening in world cup

Ұлы Дала мұрагерлері

220

Еліміздің барлық өңіріндегі Назарбаев зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күніне орай дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» атты мерекелік домбырашылар флешмобы өтті. Жеті жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан игі шарадан Тараздағы NIS оқушылары да шет қалмады.
Облыс орталығындағы сауда үйінің бірінде өткен шарада домбырашылар «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Әлқисса» күйін нақышына келтіре орындады.
Мұнымен қатар мерекелік шарада көрермендерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолына қатысты түрлі сұрақтар қойылып, сыйлықтар таратылды.
Флешмоб соңы мектеп өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.