A place where you need to follow for what happening in world cup

Ұлттық күн ұлықталды

205

Биыл ұлттық домбыра күніне орай Төле би ауылының орталығында карантиндік талапқа сай іс-шара аталып өтті. шарада қазақтың халық əндері домбыра күйімен орындалды. Атап айтқанда Шу оркестр жəне Əсем əуен фольклор ансамблі «Толқиды шуым», Əбдімомын Желдібаевтың «Жетісу сазы», «Елге тілек» жəне «Домбыра сазы» сынды тағы басқа әндерін орындады. Жиналғандар назарына өнерпаздар биден де шашу шашты. Қазақтың қазақ екендігін көрсететін домбыра. Ол еліміздің ұлттық аспабы ғана емес, халқымыздың асыл мұрасы. Киелі аспап саналатын домбыраны әр үйдің төрінен табуға болады. Алғашында домбырамен жыр, толғау сүйемелдесе, одан əрі дамып, айтыстарда, той-томалақ төрінде шырқата домбырамен əн салып, думандатқан. Əр жылда аталып өтілетін ұлттық домбыра күні биылғы жылы да атаусыз қалған жоқ. Бұл өскелең ұрпақтың əрі қарай қадір тұтуына бірден бір септігін тигізері анық.

Ұлжан Көшен

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.