A place where you need to follow for what happening in world cup

Шу ауданының әкімі Н.Календеровтың Елорда күні мерекесіне орай құттықтауы

185

Құрметті Шулықтар!

Қадірменді ағайын!

Еңселі Елордамыздың əлемдік аренадағы алар орны қашанда тұғырлы. Еуразия жүрегінде орналасқан əсем қала талапты жастардың, көркем идеялардың ордасына айналғалы қашан. Сан жылғы тарих толқынында сəулетті қала үлгісінің бастауы ретінде бой көтерген зəулім елордамыздың көрінісі Тəуелсіздік нышаны екені анық. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігері мен тарихи бастамаларының арқасында қасиетті Сарыарқа даласында өзіне ғана тән бірегей сәулетімен арман қала бой көтерді. Салтанаты келіскен сәнді шаһар бүгінде әлемдегі алып астаналардың қатарында. Бұны Тәуелсіздігіміздің жемісі, Елбасы саясатының жеңісі деп білемін. Әлемдік өркениеттің өзегіне айналған Елорда — ерлік пен елдіктің, бірлік пен берекенің көрінісі, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісі. Бүгінде Елордамыз тек қала ретінде қалыптасып қана қоймай, халықаралық деңгейде шешім қабылдайтын елдердің орнықты даму жолдарын айқындап, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту тетіктері қарастырылатын ортаға айналды. Онда әлемдік көшбасшылардың кездесулері, аса өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық іс- шаралар өткізіліп келеді. Бұл мереке Елорда тұрғындары үшін ғана емес әрбір Қазақстандық үшін айтулы күн. Өйткені, қарқынды түрде дамып келе жатқан бас қаламыз бүкіл елімізді сенімділікпен алға бастап келеді. Мемлекетіміздің түрлі саладағы жетістіктері, үміттері және болашағы Елордамен байланысты. Алға қойылған міндеттердің табыспен іске асырылуы Елордамыздың одан әрі өркендеп, келешегінің кемелдене түсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады. Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – ару қаламыздың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Алдағы уақытта да қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта берсін, әлемдік қоғамдастықта өзінің орнын нығайта берсін! Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын! Азат аспанында алтын қыран қалықтаған мәңгілік еліміздің болашағы баянды болсын! Баршаларыңызға бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш тілеймін. Елорда күні құтты болсын!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.