A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстанда майнерлерге жаңа мөлшерлеме белгіленді?

51

Қазақстанда цифрлық майнинг үшін жаңа дифференциал төлем мөлшерлемесі белгіленді. 2023 жылдан бастап майнерлер қанша төлейтіні туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда цифрлық майнинг үшін төлемақы мөлшерлеменің прогрессив шкаласы қолданылады. Мөлшерлеме тұтынылған электр энергиясы бағасының құнына байланысты.

2022 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасының өсуін көздейтін түзетулерге қол қойылды (№ 135-VII ҚРЗ).

«Салық кодексінің 606-3-бабының жаңа редакциясына сәйкес, цифрлық майнинг үшін төлемақының мөлшері электр энергиясының 1 киловатт-сағаты құнына байланысты болады. Арзан бағада электр энергиясын қолданған кезде төлемақының мөлшерлемесі жоғары, яғни 25 теңге шегінде болғанда.

Егер, керісінше, қолданған электр энергиясы қымбат бағада, яғни 24 теңгеден жоғары болса, төлемақы ставкасы төмен болады, яғни 1 теңге көлемінде», — делінген хабарламада.

Одан бөлек, өзінің меншігіндегі электр станцияларында жаңартылатын электр энергиясы көздерінен өндірілген энергияны пайдаланған кезде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі.

Меншікті электр энергиясын пайдаланған кезде 1 киловатт-сағаты үшін 10 теңге мөлшерлеме бойынша есептеледі.

«Төлемақының әр түрлі ставкаларын қолданудың бірнешуі бір уақытта туындаса, төлемақының ең жоғары мөлшерлемесі қолданылады», — деді комитет өкілдері.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.