A place where you need to follow for what happening in world cup

Қашықтан оқу форматы енгізілмейді — Бас санитар дәрігер

245

Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова өңір «қызыл» аймаққа кірген жағдайда білім беру саласында енгізілетін шектеулер жайында айтты. Сөзінше, оқыту онлайн форматқа ауыспайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біріншіден – бұл санитариялық-зарарсыздандыруды күшейту, тазалық жүргізу жиілігін арттыру, кабинеттерді желдету, ауаны зарарсыздандыру. Сонымен қатар кіре берісте сүзгі орнатып, педагогтер мен қызметкерлердің дене қызуын өлшеу қолға алынады», – деді Айжан Есмағамбетов.

Бас санитар дәрігер қашықтан оқыту форматы енгізілмейтінін мәлімдеді. Дегенмен «қызыл» аймаққа өткен өңірлерде мәдени, тәрбие іс-шараларын, сынып және ата-аналар жиналысын өткізуге тыйым салынады.

«Балабақшаларда топтарды біріктіру арқылы өткізілетін іс-шараларға тыйым енгізіледі. Мектептерде жоғары, орта және төменгі сынып оқушыларын бөлектеу жүргізілуі мүмкін. Бұл оларды мүмкіндігінше бір-бірімен кездеспеуі үшін жасалады. Естеріңізде болса, бастауыш және жоғары сыныптар үшін бөлек кіре беріс ұйымдастырған едік», – деді бас санитар дәрігер.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.