A place where you need to follow for what happening in world cup

Қашықтан оқыту басталды

383

Жуалы ауданында 39 мектепте 5776 отбасының 11 285 оқушы білім алуда. Оның ішінде, 1-4-сынып аралығында 4569 оқушы, 5-9-сынып аралығында 5298 оқушы, 10-11-сынып аралығында 1418 оқушы білім алып отыр.
Білім және ғылым министрінің №123 бұйрығының 1 тармақтың 15 тармақшасына сәйкес 2019-2020 оқу жылының IV –тоқсанында ауданымыздың (№20 Жамбыл атындағы ом, №23 Алатау орта мектебі, Ынтымақ нм, Қаратас нм, Ш.Уалиханов негізгі Бақалы, Теріс-Ащыбұлақ, Тасбастау, Ақтасты, Жылыбұлақ, С.Муханов атындағы бастауыш мектептерінде) 6 сәуірден бастап 8 білім мекемесі күндізгі дәстүрлі оқытумен қамтылады, оқушы саны-237 , осы бұйрықтың 1 тармақтың 28, 29 тармақшасына сәйкес қашықтықтан оқытуға мүмкіндігі бар 12 мектеп, ондағы оқушы саны -7489 (интернет-платформалар, онлайн, zoom, мессенжерлер ( whatsapp, telegram, Aitu) арқылы қамтылады, қашықтықтан оқытуға мүмкіндігі жоқ, тек «Балапан» және «Еларна» телеарналары арқылы оқитын мектептер саны-19, онда 3559оқушы оқуды жалғастырады.
Аудан бойынша мектептің оқу жүйесінде тұрған -1773 компьютердің 942 аз қамтамасыз етілген отбасыларына, 73 толық қамтылмаған отбасына және 25 мұғалімге таратылып берілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.