A place where you need to follow for what happening in world cup

Қашықтан оқыту қалыпты жүргізілуде

134

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу және  білім беру ұйымдарында  білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да  қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету  мақсатында  Қазақстан Республикасы бойынша 2020 жылдың 6 сәуірінен  (ІV тоқсаннан)  бастап  орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру ұйымдастырылған.

Осыған байланысты, Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты  27 мектеп те қашықтықтан оқытуға көшті. Қазіргі таңда,  9721 оқушы қашықтықтан оқып жатыр (оның 8886-сы 1-11 сынып оқушылары болса, 835 мектепалды даярлық (МАД) сыныбының балалары). 

1-11 сынып білім алушылардың 100%  «Balapan», «ELARNA» телеарналарынан  берілетін телесабақтарын көреді, сонымен қатар,  18 мектептің балалары оқу материалдарын интернет-платформалары, үй телефондары арқылы және 9 мектептің оқушылары курер арқылы  оқиды.

Оқушылардың қашықтықтан білім алуын қамтамасыз ету үшін мектептердегі аз қамтылған 330 отбасының 930 баласына компьютерлер  берілді.

Сондай-ақ, ауданда 1263 педагог қызмет  атқарады.  Оның ішінде  әлеуметтік желідегі Telegram парақшасы арқылы –7 мұғалім, Classroom парақшасы арқылы – 56 мұғалім,  Whatsapp парақшасы арқылы – 1015 мұғалім және қағаз түрінде (курер арқылы)  190 мұғалім оқушылардан кері байланыс жасайды.

Мұғалімнің  компьютермен жұмыс жасауын қамтамасыз  ету мақсатында, бүгінгі таңда, 134 дана мұғалімге  компьютер берілді.

Қашықтықтан оқыту процесінің жүргізу барысы барлық мектептерде қатаң қадағалануда. Сондай-ақ сабақтарды қашықтықтан өткізу кезінде ата-аналардан балалардың оқуын, тапсырмаларды орындауын қадағалауды сұранамын.

Ильяс Баймағамбетов,

Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.