A place where you need to follow for what happening in world cup

Қалалық квест ойындары ұйымдастырылды

153

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу жобасы аясында, Тараз қаласында қалалық квест ойындары ұйымдастырылды. Қала жастарының арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында квест ойыны ұйымдастырылды. Квест ойыны арқылы адамның қиындыққа тап болған кездегі әрекетінен хабар алуға болады. Ойнап жүріп ойлау кезінде ойыншының психологиялық ерекшеліктерін байқауға болады.
Мақсаты:
-Жастарды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру. Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру;
-Салауатты өмір салтын жастар арасында насихаттау, спортпен айналысуға жастарды шақыру;
— Жастардың денсаулығын шымырлатуға жағдай жасау.
Квест ойындары 4 кезеңнен тұрды:
1 кезеңде: аннограмма және сөзжұмбақ;
2 кезеңде: логикалық есептер және сөздік;
3 кезеңде: логикалық ойын;
4 кезеңде: теннис және жасырылған әріптер;
Қатысушылар көшбасшылығымен, зеректігімен және шапшаңдығымен керемет ойын өрнегін көрсетті. Ойын қорытындысы шыққан соң төмендегі командалар жеңімпаз атанды:
1 орын: «Саналы ұрпақ» командасы;
2 орын: «Ұлы дала қыздары» командасы;
3 орын: «Лотос» командалары марапаталды.
Өткізілген орны: Тараз қаласы Жеңіс сабағы, Білім алаңы.
Қатысушылар: жоғарғы оқу орындарымен, колледж студенттері, жастар. Аталмыш іс-шараға 40-тан аса жастар қатысты. «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастыруымен өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.