A place where you need to follow for what happening in world cup

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған екі жасөспірім тергеу изоляторынан босатылды

136

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған екі жасөспірім тергеу изоляторынан босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмағандар Алматы және Алматы облыстарының тұрғындары. Олар ешқайда шықпау туралы сенімхатпен үйіне жіберілген.

Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі жауапты уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді.

“Қазір тергеу изоляторындағы жаралағандар саны – 55, ал сегіз азаматтың сүйегі сынып, тағы 213-і түрлі жарақатпен отыр. Бастапқыда оларға медициналық көмек көрсетілмеген. Тіпті кейбірін аурухана төсегінен тергеуге алып кетіп, кейін палатаға қайтарған оқиғалар да кездесіпті”, – дейді Әзімова.

Әзімованың дерегінше, қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың барлығы бірдей қазақстандық емес. Тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен тергеу изоляторында 18 шетелдік отыр. Өзбекстанның 14, Ресейдің 2 және Қырғызстанның 2 азаматы қамауда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.