A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қақпа алдында кездесу»

816

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 912 Жарлығын қолдануды жүзеге асыру үшін және ҚР-ның Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша бағытталған «Қақпа алдында кездесу» атты әлеуметтік жобасы бүгін 16 сәуір 2024 жылы Жамбыл облысы бойынша Қылмасытық атқару жүйесі департаментіне қарасты № 67 мемлекеттік мекемесінде іске асуда, яғни әлеуметтік жобаның мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға көмектесуге, қоғамға бейімделуге жағдайлар жасау сонымен қатар, әрбір сотталғанға жеке тиісті нәтижелі жұмыс орын ұсынумен бағытталған жоба. Статистика бойынша, көп қылмыстар жұмыссыздық, табыссыздықтан орын алатыны анық. Осы жобаның іске асуына сәйкес мекемеден ҚР ҚК-н 188 бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған 1995 ж.т. сотталған Е. П жаза мерзімінің аяқталуына байланысты мекемеден босатылуда,
Сондай ақ осы жобаға Тараз қаласының №2 қалалық пробация қызметінен өкіл және Мансап орталығынан мамандар шақыртылды. Сонымен қатар босатылатын сотталғанның туыстары қақпа алдында қуана күтіп тұр. Осымен қатар Е.П қа қайталап құқық бұзышылыққа жол бермеуіне, бостандықта туыстық байланыстарын нығайтуын, нәтижелі жұмысқа орыналасуына және қоғамға бейімделіп, енуге сәттілік тілеймін.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.