A place where you need to follow for what happening in world cup

Жол сапасы жіті бақылауда

123

Жыл басынан бері 50 аса қоғамдық мониторинг жүргізіп, оның негізінде жол сапасының бұзылуына қатысты 61 кемшілік анықталып, оның барлығы бойынша жол жабындылары қалыпқа келтірілді, Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Төлебаев Равиль Қуанышбайұлының қатысуымен өткен баспасөз конференциясында мәлім болды.
Мысалы айтқанда, Тараз қаласы, Рысқұлов көшесінде автомобиль жолын салу барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Жұмыс жүргізу барысында техникалық бақылаушы болмаған, асфальттың температурасы өлшенбеген, жолдың негізгі қабаты мен асфальт арасында битум құйылмаған, құрылыс алаңы қоршалмаған. Мердігер компания өкілдері сол жерге шақырылып, төселген асфальт қайтадан алынған болатын.
Сол сияқты, Жамбыл ауданы, Тоғызтарау ауылының ішіндегі Мүсәт Жүнісов көшесінің сапасын зерделеу барысында 1 шақырым көшеге 16,0 млн. теңге қаражатқа қалыңдығы 4 см жаңа тас жолы салынуының орынына 2,4 см көрсеткен.
Бұл мәселе бойынша құзырлы мамандар зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
Ал, қала тұрғындарымен жол жабындыларын бұзылуына жол бермеу мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 19 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 300 мың теңгеден аса айыппұл салынды.
Спикердің айтуынша, сондай-ақ, жол саласындағы уәкілетті органдармен жоба қызметкерлері бірігіп ауыр жүк тасымалдаушы көліктеріне күнделікті рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар ғана бақылауда емес, сондай-ақ, облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың бұзылуына жол бермеу мақсатында аудандағы тас жолдарға шығу жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті органмен тасымалдаушыларға 56 хаттама толтырылып 10,5 млн. теңгеге айыппұл салынды. Бұндай тәжирибе елді мекендегі тұрғындардың мемлекеттік мүлікке деген көзқарсын өзгерту он септігін тигізеді деп есептейміз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.