A place where you need to follow for what happening in world cup

Жер-судың аты — тарихтың хаты

44 423

Қазақтың өткен тарихына үңіліп отырсақ, әрбір атауға ерекше мән берген. кез-келген атаудың өзіңдік себебі бар. Мысалы, аудандағы тарихи ескерткіштердің бірі-ақкесенені және оның жанындағы көккесенені алып көрелік.

Атауы айтып тұрғандай Қыпшақ дәуіріне жататын ескерткішті Х-ХІ ғасырларда Тараз әміршісі Қарахан тұрғызған. Ғалымдардың болжауынша, бекіністің өзі Х-ХІІ ғасырларда салынса, оның мұнарасы ХҮІІ ғасыр­да тұрғызылған. Түркі тілін­де ақ-батыс, көк-шығыс дегенді меңзейді. Яғни, бірі батыста, екіншісі шығыста орналас­қанын білуге бола­ды. Жергілікті халық арасын­да кесене туралы әр­түр­лі аңыз бар. Соның бірі, Тараздың әміршісі Қарахан жолаушылап келе жатқан керуенбасыны қонақ етіпті. Билеушінің көрсеткен құрме­тіне риза болған қонақ оған өзінің көкейде жүрген тілегін жеткізген.

«Мен жүрмеген жол, аспаған асу аз. Бірақ, Мойынқұм­нан қауіпті жерді кездестірмедім. Үш күндік жол азабы үш айға бергісіз болды. Осы маңнан жолаушыға бағыт беріп, қараңғыда жол көрсететін белгі салып берсеңіз, көп адамның алғысына бөленер едіңіз,-деген керуенбасының сөзін жерге тастамаған Қарахан қос бекіністі салдырған деседі.

Қалай десек те, шындыққа жанасатын аңыз. Белгілердің атауын да қалай дөп қойған. Бұл тарихы тереңнен бастау алатын қазақ тілінің кереметі демеске лажымыз жоқ.

Тілге жеңіл, түрленіп жеткен тарихи атаулар ауданымызда мұнымен ғана шектелмейді. Олардың әрқайсысының астары, айтар аңызы бар. Мәселен, Тәңір­қазған, Бөріқазған, Қотырбұлақ, Тамды әулие деп тізбектеле береді.

Бұл ескерткіштер қазақ жерінің өнегелі өткенінен хабар береді. Ендеше, бүгінге жетіп отырған құндылықтарымызды сақтай білу бізге аманат. Әрбір ескер­ткіште қазақтың терең тарихы, баға жетпес мәдениеті, қолданысқа бай тілі жатыр. Осыны жас ұрпақтың түсінуі тиіс.

Ауданбек Тауасаров,

аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.