Үйлерінде отырған жастарды жасампаздық белсенділігін қашықтықтан ұйымдастыру мақсатында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы онлайн жарыстар, дәрістер мен басқа да оқыту іс-шараларын өткізуді қолға алды.
2020 жылдың 1-15 сәуірі аралығында онлайн өткізілетін іс-шаралардың жоспары бекітілді. Жоспар бойынша басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында «Kahoot» интелектуалды ойынынан чемпионат (3 сәуір), жастарға онлайн кеңес беру (1-15 сәуір аралығы), А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын сөз қалдырған артында» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы (1-5 сәуір аралығы), Әл-Фарабидің 1 150 жылдығына орай «Әлемнің екінші ұстазы» атты посттар байқауы (1-5 сәуір аралығы), қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен оқыту сабақтарын ұйымдастыру (1-15 сәуір аралығы), жастарға пайдалы тақырыптарда мотивациялық кештер мен лекциялар ұйымдастыру (1-15 сәуір аралығы), жастарға қызықты тақырыптар аясында видео-сабақтар (маска тігу, тігін өнері, ағаш, темірден бұйымдар жасау және т.б.) түсіріп, ютуб арнасына орналастыру (1-15 сәуір аралығы), облысқа танымал жас өнерпаздардың онлайн концерттерін ұйымдастыру (1-15 сәуір аралығы) сияқты шаралар өткізу жоспарланды.
Басқарманың әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы салалық басқармалардың қатысуымен мемлекеттік қолдау тетіктері, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығын қолдау, тұрғын үй және т.с.с тақырыптар аясында тікелей эфир арқылы онлайн кеңес беруді бастады.
Бүгінгі күнге, «Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы мен волонтерлік қолдау шаралары», «COVID-2019» короновирусынан сақтану шаралары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділіктері» туралы тікелей эфир арқылы онлайн кеңестер берілді.