A place where you need to follow for what happening in world cup

Жастарға жігер сыйлады

239

Тәуелсіздік таңының арқа-сында өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, жоғымыз түгенделіп, дамудың алғы шебінде бой көрсету жолында аянбай еңбек етудеміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі-үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуінің қозғаушы күші. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президентіміздің игі бастамаларын аяқсыз қалдырмай, одан әрі жандандырып, өзіндік бір екпін беріп, өзгерістер енгізіп, қарыштап дамудың даңғыл жолына бастап келеді. Оған дәлел, 10 бастаманың сегізінші бағытында ««Рухани жаңғыру» құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала береді» деп атап көрсетуі.

Мемлекет басшысы бұл бағдарламаны жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттау қажет екенін айтты.

«Бұл қасиеттер халқымыздың бірлігін және ұлтымыздың жасампаздығын нығайтады, бәсекеге қабілетті ел болуға жол ашады. Қазақстанды болашаққа бастайтын — жастар. Сондықтан бұл бағдарламаны жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттауымыз қажет»-деген Қ.Тоқаев жастарға жарқын жол ашып берді. Ел болашағы — жігерлі жастар екенін ескерсек, жас шыбықтың рухани нәрмен сусындап, елінің патриоты болуы еліміздің еңсесін тіктеп, ұлы жеңістерге бастайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті рухани жаңғырумен қоса Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы бағыттарды одан әрі жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, Қазақстандағы «Жастар жылының» өту барысына да ерекше назар аударды. Жастарға жаңа мүмкіндік беріп, олардың бизнеспен айналысуына, білім алуына, жұмысқа орналасуына, табыс табуына баса мән беріп, еліміздің жастары мен талантты азаматтары мемлекеттік қызметте ілгерілеуі үшін арнайы кадрлық бағдарлама дайындауды тапсырды.

«Бірлігі мықты ел озар» деген қағиданы ұстанатын көшбасшымыз «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың» үлгісін көрсетіп келеді. Қиын сәттерде халықтың жанынан табыла білу, мұң-мұқтажын ескеріп, колдау көрсету — нағыз жанашырлықтың үлгісі. Адамның бойындағы бұл қасиет тәрбиенің тамыры тереңге жайылғанын аңғартады. Ал, әділетті басшыға артынан ерген халқы қашан да қошемет көрсетіп, қандай бастама болмасын білек сыбана кірісетіні сөзсіз. Рухани азығы мол ел ғана биікке құлаш сермей алады.

 

Райхан АМАНҒАЗИЕВА,

аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.