A place where you need to follow for what happening in world cup

Жас мамандарға қолдау көрсетілуде

377

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелеріне жұмысқа орналасқан жас мамандардың тәжірибесін шыңдауға қолдау көрсетіліп, кедергілермен күрес жүргізілуде. Бұл біріншіден, еңбек өтілін жинақтау үшін жастарға берілген мүмкіндік болса, екіншіден, олардың қоғамға керекті білікті де білімді маман болып қалыптасуына жол ашады.

Бүгінгі таңда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесіне тәжірибе жинақтау үшін келген жастардың саны көп. Солардың бірі — Ажар Ерімбетова және Гульбара Дүйсембаева. Оқу орнын енді ғана аяқтаған жас мамандарға ҚАЖ саласын меңгеру үшін мұнда жағдай жасалынған. Жастарға мекеменің арнайы есеп бөлімінің технигі әділет кіші сержанты Нүрбек Әбілғазы білгенін үйретіп қана қоймай, олармен бірге өзі де білмегенін үйренуде. Ол мекеме басшылығының нұсқауымен тәлімгер ретінде жастардың бейіміне қарай жұмысты ұйымдастыруды қолға алған.

Құндыз Ахашева,
ЖД-158/1 мекемесінің психологы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.