A place where you need to follow for what happening in world cup

Қыстық киіммен қамтамасыз етті

318

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты Меркі аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігімен бірге есепте тұрған көпбалалы отбасылардың балаларына қыстық қалың киімдер сатып әперді. Бұл күні жылы әрі жеп-жеңіл жаңа қысқы күртеге ие болған шиеттей балалар шаттыққа кенеліп қуанып қалды.

Аталған игі шара барысында Меркі аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Арайлым Сәмбетова өмірлік қиын жағдайдағы адамның шетте қалмайтынын және қоғамның қамқорлығында болатынын жеткізді.

— Біз балақайлардың дене бітімінің өлшемдерін алдын ала алып, соған сәйкес он отбасының бүлдіршіндеріне қыстық киім табыс етуді жөн көрдік.Бала қуанса, әлем қуанады емес пе? Баланың күлкісінен асқан бақыт жоқ. Бұл іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерді шаттық бөлеу. Пробация қызметкерлері көпбалалы және толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларды өз қамқорлығына алып, тұрақты қолдау көрсетіп отырады. Бұл игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады, — деді А.Сәмбетова.

Ербол МЫРЗАХАНОВ,
Меркі аудандық пробация қызметінің аға инспекторы
әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.