A place where you need to follow for what happening in world cup

Жас қызметкерлермен сұхбат жүргізілді

363

Жуырда өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің басшы құрамы және кадр саясаты бөлімшесінің қызметкерлері Павлодар қаласында арнайы бастапқы дайындықтан өтетін 22 жас тағылымдамадан өтушілермен сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында жас қызметкерлерге нысанды киім үлгісін сақтау, әдеп нормаларын бұзбау сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасамау жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Жалпы, жас қызметкерлерге ҚАЖ саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен білікті мамандардың ақыл-кеңесі керек-ақ. Себебі, олардың өмірлік тәжірибелері болашақ офицерлерге жол көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, жастарды жауапкершілікті сезінуге үйретіп, отансүйгіштікке тәрбеиелейді.

Айгерім Ерубаева,
ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.