A place where you need to follow for what happening in world cup

Жасөспірім бауырлары мен әпкесін атып, кейін өз-өзіне қол жұмсады

358

Аляскадағы Фэрбенкс қаласында көп балалы отбасынан шыққан 15 жасар жасөспірім үш ағасы мен әпкесін атып өлтірді. Болжам бойынша содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлерді оқ даусын естіген көршілер шақырған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оқ жарақаты бар төрт адамның мәйітін тапты.

Оқиға кезінде үйде болған тағы үш бала зардап шекпеген. Полицияның хабарлауынша, атыс болған кезде ата-анасы үйде болмаған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.